preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Талғар ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Талғар ауданында ​ болды.​

Жұма намазының алдында​ облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Ерқанат Серікұлын таныстырып,​ қызметіне сәттілік тіледі.​

Сондай-ақ, облыс бас имамы бұған дейін​ Талғар ауданының бас имамы болып қызмет атқарған​ Нұржан Пірәліұлы​ алғыс айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты. Алдағы уақытта Нұржан Пірәліұлы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылдық мешітінің имамы болып қызметін жалғастыратын болады.

Бұдан бөлек облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы «Мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігі мен міндеттері» тақырыбында жұма уағызын айтты.