Талғар ауданында әйел ұстаздар мен жамағатқа арналған семинар өтті
Алматы облысы, Талғар ауданында облыстың әйел ұстаздар қауымы мен әйел жамағатқа арналған семинар өтті.
“Әйел және отбасы” атауымен өткен ауқымды семинарда Ислам дініндегі әйелдің орны, отбасындағы міндеті және бала тәрбиесіндегі рөлі туралы кеңінен айтылды.
Семинарды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор Шәмшат Әділбаева және Алматы облысының әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы жүргізді.
Қазіргі қоғамдағы отбасылық мәселелер, ажырасудың алдын алу, отбасы құндылықтарын сақтау тақырыбын қамтыған семинарда қатысушылар тағылымды насихат тыңдап, қажетті кеңестер алды.
Шара соңында Мәуліт айының құрметіне жайылған дастархан басында жамағат өзара пікір алмасып, рухани әсер алды.



