preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданында еңбек ұжымымен «Адал еңбек» тақырыбында кездесу өтті

Талғар ауданында еңбек ұжымымен «Адал еңбек» тақырыбында кездесу өтті

Талғар ауданында «Қапшағай» мешіті наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы «Малина» кондитерлік өнімдерін дайындайтын ұжыммен кездесу өткізді. Кездесу «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында ұйымдастырылды.

Насихат барысында имам адал еңбектің исламдағы орнына кеңінен тоқталып, әрбір істі шынайы ниетпен атқарудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ күнделікті жұмысты құлшылыққа айналдыру жолдарына назар аударып, адал табыс табу, сапалы өнім өндіру және халықтың алғысына бөлену ол нағыз сауапты амал екендігін атап өтті.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, рухани бағыт-бағдар алды. Мұндай кездесулер еңбек ұжымдары арасында адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және адал еңбек мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.