ТАЛҒАР АУДАНЫНДА “ИМАНИ ЖАЗ – 2025” КУРСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Оқу-ағарту” бағыты аясындағы жылдық жоспарына сәйкес, Алматы облысы Талғар ауданының барлық 34 мешітінде жазғы демалыс кезінде оқушыларға арналған “Имани жаз – 2025” сауат ашу курсы ұйымдастырылды.
Курс барысында шәкірттерге “Иман әліппесі” және “Мұғалім сәни” кітаптары негізінде дәрістер жүргізілуде. Сонымен қатар, ата-ананы құрметтеу, жаман әдеттерден аулақ болу, білімнің маңыздылығы секілді тәрбиелік бағыттағы тақырыптар қамтылған.
Аудан бойынша жалпы саны 806 шәкірт білім алуда. Оның ішінде 505 ұл бала және 301 қыз бала мешіт жанынан ұйымдастырылған жазғы курстарға қатысып жатыр.
Бұл игі бастама жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуге, дін негіздерін меңгеруге және олардың рухани дүниетанымын кеңейтуге бағытталған.



