preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ТАЛҒАР ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Талғар ауданының бас имамы Ерқанат Серікұлының бастамасымен кезекті аудан имамдарының жиыны өтті.

Жиын барысында “Ислам және дәстүр құндылығы ” жылы аясында атқарылып жатқан шаралар туралы талқыланды. Имамдардың тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауы туралы қатаң айтылды. Сонымен қатар, алдағы оқу жылына байланысты “Мектепке жол ” акциясын белсенді ұйымдастыру, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетуге атсалысу мәселесі айтылды.