preloader

Жаңалықтар

Талғар қаласында студенттермен кездесу өтті

Талғар қаласында студенттермен кездесу өтті

Талғар қаласында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Алматы облысының наиб имамы Талғат Абайұлы және облыстық «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты имам Мейрамбек Ақылбекұлы қатысып, терроризмнің алдын алу және ұлттық тәрбиеден ажырамау тақырыбында дәріс өткізді.

Кездесу барысында имамдар жастарға деструктивті ағымдардың зияны, дұрыс діни білім алудың маңыздылығы және ата-баба дәстүрін ұлықтаудың қоғамдағы рөлі жайлы түсіндірді.