preloader

Жаңалықтар

Талғарда имамдарға арналған білім жетілдіру курсы өтті

Талғарда имамдарға арналған білім жетілдіру курсы өтті

Талғар ауданында мешіт имамдарына арналған “Білім жетілдіру курсы” өтті. Игі бастама – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспары аясында ұйымдастырылды.

Курстың мақсаты – дін қызметкерлерінің білімін жетілдіріп, рухани иммунитетін арттыру. Шараны ауданның бас имамы Ринат Маратұлы ашып, дін қызметінің өзектілігі мен заманауи талаптары жайлы кіріспе дәріс оқыды.

Қалалық «Биеке батыр» мешітінде өткен бұл басқосуда имамның білімді әрі салиқалы болуы – жамағатты дұрыс жолға бастайтын негізгі шарт екені айтылды.

Курсқа аудан мешіттерінің имамдары қатысып, тәжірибе алмасып, маңызды тақырыптар бойынша ой бөлісті.