preloader

Жаңалықтар

«Түркістан» мешіті «Рамазан базарлығы» жобасына үн қосты

«Түркістан» мешіті «Рамазан базарлығы» жобасына үн қосты

Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық «Түркістан» мешіті «Рамазан базарлығы» жобасына үн қосты.

Игі шара аясында аудан бас имамы Дәуренбек Жандосұлы жас ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында тарауық намазына қатысып жүрген балақайларға тәттілер салынған базарлық қорапшаларын үлестірді.