preloader

Жаңалықтар

Түркия елшілігінде құрбандардың рухына Құран бағышталды

Түркия елшілігінде құрбандардың рухына Құран бағышталды

Бүгін Түркияда демократия және ұлттық бірлік күні. Осыған орай Астана қаласында Түркия елшілігінде арнайы шара өтті.

2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда жасырын ұйым мүшелері төңкеріс ұйымдастырған болатын. Қанды оқиға салдарынан 251 адам мерт болып, 2 мыңнан астам азамат жарақат алды.

Елшілік ғимаратында Құран оқылып, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы құрбандардың рухына Құран бағыштап, арнайы дұға жасады. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздігі жолында шейіт болған боздақтарға да Жаратқаннан жарылқау тіледі.

Жиында сөз алған Түркияның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу игі іс-шараға арнайы қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлеріне, келген қонақтарға алғысын жеткізді. Іс-шарадан кейін қонақтар сурет көрмесін аралады.