ТҰЗДЫБАСТАУДА 50 ОТБАСЫНА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ
Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық мешітінде тұрмысы төмен 50 отбасының балалары мен ата – аналарына арнап дастархан жайылды.
“Қайырымдылық – қайырымды іс” айдарымен өткен шараға мешіт имамы Нұржан Пірәліұлы қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Мешіт имамы сондай-ақ өз сөзінде сауапты амалдың маңыздылығы, балаларды қуантудың мол сауап екендігін атап өтті. Қатысушы отбасылар мешіт ұжымы мен ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.



