preloader

Жаңалықтар

ТҰЗДЫБАСТАУДА ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ: ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ТҰЗДЫБАСТАУДА ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ: ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы «Жуса ата» мешітінде жергілікті имамдар мен мешіт қызметкерлеріне арнап мазмұнды семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында Құрбан айт мерекесіне байланысты шариғат тұрғысынан маңызды мәселелер кеңінен талқыланды. Құрбандық шалудың үкімдері, малдың жас ерекшеліктері мен денсаулығына қойылатын талаптар, дұрыс ниет ету әдебі, сою рәсімі мен етті үлестіру тәртібі сынды тақырыптарға тереңнен түсініктеме берілді. Сонымен қатар, бүгінгі заманауи жағдайларда жиі туындайтын сұрақтарға да шариғи тұрғыда нақты жауаптар ұсынылды.

Бұл басқосудың басты мақсаты — діни қызметкерлердің білімін тереңдетіп, жамағатқа Құрбан айт құлшылығы жайында дұрыс әрі толық мәлімет жеткізуге жол ашу.

Семинар соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тәжірибелі ұстаздар мен мамандардан тұщымды жауаптар алды. Шара рухани таным мен тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік берді.