Үшқоңыр медресе-колледжінде арнайы пәндер бойынша емтихан өткізілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медресе-колледждерде оқу сапасын арттыру мақсатында шәкірттерден арнайы пәндер бойынша емтихан алу жоспарланған болатын. Осыған сәйкес Алматы облысындағы Үшқоңыр медресе-колледжінің 3-курс студенттері емтихан тапсырды.
Емтиханды өткізу үшін ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Аманқұлов Хасан ұстаз арнайы келді.
Сынаққа Құран Кәрім, ислам ғибадаты, араб тілі және морфология пәндері бойынша барлығы 45 шәкірт қатысты. Оның ішінде 23-і ер, 22-і қыз студенттер болды.
Бұл шараның негізгі мақсаты – медресе-колледж студенттерінің кәсіби білім деңгейін анықтап, қажет болған жағдайда оқу орнындағы білім беру үдерісін жетілдіру. Айта кетейік, мұндай емтихан барлық медресе-колледждерде ұйымдастырылды.




