Үшқоңыр медресе-колледжінде жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы басталды
Алматы облысы өкілдігіне қарасты Үшқоңыр медресе-колледжінде 2025–2026 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті. Қабылдау емтиханы мектептің 9-сыныбын тәмамдаған түлектерге арналды.
Биыл медресе-колледжге 200-ден астам талапкер өтінім білдірген. Соның ішінен білімі талапқа сай келген 70 түлекке грант негізінде оқуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.
Емтихан екі күнге бөлініп ұйымдастырылды: алғашқы күні ұл балалар сынақ тапсырса, келесі күні қыздар бөлімінде емтихан өткізілді. Қыздар бөліміндегі қабылдау сынағына ҚМДБ Діни оқу-ағарту бөлімінің маманы Жаңабай Мұратұлы арнайы қатысып, емтихан қабылдау процесін жүргізді.
Сынақ барысында талапкерлердің жалпы білім деңгейімен қатар діни сауаттылығы мен оқу қабілеттері де бағаланды.




