preloader

Жаңалықтар

ҰЙҒЫР АУДАНЫ БОЙЫНША ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ҰЙҒЫР АУДАНЫ БОЙЫНША ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Ұйғыр ауданы бойынша имамдарға жиналыс өтті.

Жиналыс барысында, Имамдардың қызметке жауапкершілік пен ықыласты болуын, сонымен қатар мешіт тазалығы, сөрелер реттілігі мен кітап сараптау мәселелері қозғалды. Концептуалды құжат «Имамның тұлағалық келбеті» кітапшасы бойынша түсіндірме жұмысы жасалды. Жиналыс соңында ауыл имамдарына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен бекітілген 5 бағыт бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.