preloader

Жаңалықтар

Ұйғыр ауданы: Имамдар емтихан тапсырды

Ұйғыр ауданы: Имамдар емтихан тапсырды

Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ұйғыр аудандық филиалында жергілікті дін қызметкерлері қазақ тілінен емтихан тапсырды.

Мемлекеттік тілді меңгеру – белгілі бір азаматтың қаншалықты мәдениетті дамығанын, оның бойында азаматтық жауапкершіліктің қаншалықты дамығанын, сайып келгенде, оның қаншалықты ұлтжанды екенін көрсететін көрсеткіші. Осыған орай Ұйғыр ауданының бас имамы Ануархан Ғазизұлы бастаған 26 имам қазақ тілінен емтихан тапсырып, мемлекеттік тіл аясында өз білімдерін тексерді.