preloader

Жаңалықтар

ҰЙҒЫР АУДАНЫ: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ҰЙҒЫР АУДАНЫ: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жылдық жоспар негізінде «Ихсан және насихат» бағыты бойынша Ұйғыр аудандық орталық мешітте «Уағыз айтудың әдебі» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарға ауданымызға қарасты дін қызметкерлері мен имамдар қатысты. Семинардың мақсаты – ауданымыздағы дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Бұл ретте жамағатқа даналық жолмен насихат айтудың маңызы айрықша. Семинарда мешіт имамдарының білімі, әдептілік міне-құлық қағидалары,сенімі туралы тақырыпта барынша түсіндірілді. Қорытындылай келе ауданымыздың бас имамы Садыхбаев Әнуархан Ғазизұлы дін қызметкерлерін байсалды мінез таныта отырып, әр мәселеге байыппен қарауға шақырды.