preloader

Жаңалықтар

ҰЙҒЫР АУДАНЫ: ЖАРАПАЗАН АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ҰЙҒЫР АУДАНЫ: ЖАРАПАЗАН АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы “Тама баба” мешітінде “Дін мен Дәстүр” бағыты бойынша оқушылар арасында Жарапазан айтудан жарыс өтті. Қазақ даласына Ислам діні кең тарағаннан кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі – жарапазан. Ол негізінен Ораза айында айтылады. Ел көңілін көтере жүріп, Ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақыруды мақсат етеді. Осы дәстүрді сақтай отыра көпшіліктің ішінде 1-орынды Тасқарасу ауылынан келген Әбубәкір Ақжол Тоқаұлы 10.000 теңге ақшалай сыйлық алса, ал қатысқан барлық оқушыларға “Рамазан тәттісі” таратылды.