preloader

Жаңалықтар

ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

ҚМДБ Алматы облысына қарасты Ұйғыр аудандық мешітінде мәуліт кеші аталып өтті.

Жамағатқа Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліті жайлы кіріспе сөз айтылып, мәуліт жырлары оқылды.  Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғибратқа толы өнегілі ғұмыры жайлы көркем уағыз айтылып, жамағатпен бірге салават айтылды.  Игі шара соңынан дұға жасап, бата берді. Мәуліт айына орай мешіт атынан жамағат пен дін қызметкерлеріне арнап дастархан жайылды.