preloader

Жаңалықтар

Ұйғыр ауданының бас имамы Үшқоңыр медресе-колледжі шәкірттерін марапаттады

Ұйғыр ауданының бас имамы Үшқоңыр медресе-колледжі шәкірттерін марапаттады

Ұйғыр ауданының бас имамы Алмат Абдімүтәліпұлы Аширбаев арнайы іссапармен Үшқоңыр медресе-колледжіне келіп, шәкірттер арасында ұйымдастырылған футбол жарысының жеңімпаздарын марапаттады. Демеушілердің қолдауымен өткен жарыста үздік шыққан командаларға қаржылай сыйлықтар табысталды:

  • 1-орын иегеріне – 30 000 теңге,

  • 2-орын иегеріне – 20 000 теңге,

  • 3-орын иегеріне – 15 000 теңге көлемінде марапат берілді.

Шараның негізгі мақсаты – жастарды спортқа баулу, бауырмалдық пен ынтымақты нығайту болды. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, шәкірттер өздерінің шеберліктері мен команда рухын таныта білді. Салтанатты марапаттау барысында ауданның бас имамы жастарға ізгі тілегін білдіріп, спорт пен имандылықтың өзара сабақтас болуының тәрбиелік маңызын атап өтті. Осындай игі шаралар шәкірттердің ынтасын арттырып, олардың рухани және тәндік дамуына үлес қосары сөзсіз.