preloader

Жаңалықтар

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Ұлы Жеңіс күніне орай Қонаев қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Пірімқұлов көп балалы және жалғызбасты аналарға, ерекше балалары бар отбасыларға азық-түлік себеттерін табыстап, мерекемен құттықтады.

Игі іске демеушілік еткен кәсіпкерлерге бас имам алғыс айтып, елге амандық, кәсіптеріне береке тіледі. Жақсылық жасауға үлес қосқан жомарт жандарға жүрекжарды батасын беріп, бұл сауапты істің жалғасын табуына ниет білдірді.