preloader

Жаңалықтар

Венгрия елшісімен кездесу өтті

Венгрия елшісімен кездесу өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Венгрияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Отто Иван Ронамен кездесу өтті.

Кездесуге наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы қатысып, мәртебелі мейманға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Наиб мүфти елшіге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар Қазақстан мен Венгрия арасындағы тарихи-мәдени байланысты арттыру маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Отто Иван Рона қазақ халқының бауырмал қасиетіне ризашылық ниетін жеткізіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі істеріне сәттілік тіледі.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы тарихи-мәдени байланысты найғайтуға уағдаласып, осы бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.