ЖАМБЫЛ АУДАНЫ 2024 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Алматы облысы Жамбыл ауданы имамдары 2024 жылды қорытындылады.
Жамбыл ауданы имамдарының 2024 жылды қорытындылау жиынында аудан, ауыл имамдарының есебі тыңдалды. Оған Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы және аудан, ауыл бас имамдары және мешіт қызметкерлері қатысты. Алқалы жиынды өңірдің бас имамы ашып жүргізді. Жиында имамдар ҚМДБ-ның тапсырмаларына сәйкес, негізгі 5 бағыт бойынша: Дін мен дәстүр, діни оқу-ағарту, ізгі қоғам, ихсан және насихат, жат ағымдардан сақтандыру шараларына қатысты жыл бойы жүргізген жұмыстарын әрі ҚМДБ бөлімдерінің жылға жоспарлаған шараларын егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, ҚМДБ бекіткен «2024 жыл – «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында атқарылған қоғамдық шаралар, жастар секторы, әйел-қыздар секторының жұмысы, қажылық насихаты, отандық туризм «Darhan Dala» жобасы, діни оқу орындарына шәкірт даярлау, мешіт құжаттарын рәсімдеу, діни рәсімдердің орындалу барысын қадағалау, шаруашылық шаралары сынды мәселелер бойынша да есептері тыңдалды.
Сонымен қатар жиында тарихи көне «Сәт» мешіттің имамы Ыбытаев Сейтқали ақсақалымыз сөз сөйледі. Жамбыл ауданы имамдарының мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына, бірлігі мен ынтымағына айрықша рөлдерін атап өтті.
Бас имам қайырымдылық шаралары мен діни рәсімдерді атқарып, әртүрлі бағытта халыққа қызмет жасағандары үшін барша имамдарға алғыс білдірді.