preloader

Жаңалықтар

Жамбыл ауданы: «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар өтті

Жамбыл ауданы: «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар өтті

Алматы облысына қарасты Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде «Әйел және отбасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Әйел-қыздар секторының бастамасымен жүзеге асқан шараның шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылғаннан кейін, аудан бас имамы Бақыт Абдиисламұлы сөз алып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде «Шынасыл» мешітінің ұстазы Ажар Қайратқызы әйел – отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы екендігін Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен, сондай-ақ ғұламалардың нақыл сөздерімен әрлеп, көпшілікке түсіндіре білді.

Танымдық шараның арнайы қонағы, Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы болса жамағатқа әйел адамның қоғамдағы орны жайлы тұщымды уағыз айтты.