preloader

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылдық мешітінде өңір имамдарының айлық жиыны өтті.

Ауданның бас имамы Бақыт Абдіисламұлы ҚМДБ-ның 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары аясында қыркүйек айына байланысты нақты тапсырмалардың орындалу барысы пысықталды.
Діни басқарма биылғы жылға көптеген жаңа бастамаларды енгізген. Сондай-ақ биылғы жылды ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылықтары» деп атауына байланысты ізгілікті насихаттап, игілік жасау жолында дәстүрімізге басымдық берілді. «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша жұмыстар талқыланды. Бұл бағыттар қашан да діни қызмет пен қоғам үшін аса маңызды екені белгілі. Бас имам аталған бес бағыт бойынша жыл бойы атқарылатын жұмыстарды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет екенін ескертті.