ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: НАУРЫЗБАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ ЗИЯРАТ ЕТІЛДІ
ҚМДБ «Дархан Дала» жобасының аясында Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының имамдары Дегерес ауылындағы аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ БАТЫР атамыздың ту тіккен жері мен кесенесін зиярат етті.
___________
Құттымбетұлы Наурызбай батыр
ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ БАТЫР
(1706—1781)
Құттымбетұлы — Наурызбай (1706—1781) Үлы жүз Шапырашты тайпасының Асыл руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде туған. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының бірі (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай).
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Қүдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры бірдей қаза болады. Наурызбайдың 1729 жылы қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласына кең тараған.
Қашаннан да ханға хан, бас батырға бас батыр жекпе-жекке шығатын дәстүр. Қаскелең жорғалатып өзі майданға шықты. Ала атына мініп Наурызбай қарсы беттегенде қалмақ біткен шу ете түсті. Наурызбай салған көк сүңгі ә дегенше Қаскелеңнің жауырынынан шықты, Қаскелең жерге сылқ етіп, екі бүктеліп түсті. Бул шайқаста қазақтар жеңіске жетті.
Балқаш көлінің маңында Шамал хан мен Наурызбай жекпе-жекке шықты. Наурызбай Шамал ханды шоқпарымен бір үрғанда-ақ қүлатты. Бұл шайқаста да қалмақ қашып, қазақтар жеңіске жетті.
Тәуелсіздік мұратын тынбай толғап келе жатқан арқалы ақынымыз Несіпбек Айтұлының қазақ халқының бостандық жолындағы бірнеше ғасыр күресін тұтас бейнелейтін поэмасында:
Бұқар жырау (Поэма) І Қобыланды, Қарасайлар, Қабанбайлар,* Қашанда елге пана, заманға айбар. Шет болсам аруағына біреуінің, Жарқылдап жайдың оты төбемде ойнар. Жүрегім Наурызбайды жырла деді, Жетелеп құлазыған қырға мені. Асқақтап Алатаудай батыр даңқы, Алдымда асу бермей тұрған еді. Қиядан ізін қуып хас батырдың, Басына өрмеледім қасқа шыңның. Делбиген Дегерестің биігінде, Қырандар қонып-ұшқан таста тұрдым. Қатпарлы Дегерестің жоталары, Бір дерек бермей қалай жата алады? Қолбасы Наурызбай ту тіккен жер, «Бас батыр» күні бүгін аталады. Ұлы жүз қолын бастап келген батыр, Деседі осы араға тіккен шатыр. Алыптың мүрдесі де мұнда екенін, Әйгілеп жол бойында белгі жатыр. Өтетін бір-біріне базынасы, Қазақтың кең даласы – қазынасы. Керей мен Жәнібек хан орда тіккен, Көлбейді көкжиекте Қозыбасы. Тәңірі берген Алаш баласына, Байтақ жер сыймас көздің шарасына. Қырғынды көрмегендей көнеде өткен, Мүлгиді Аңырақайдың даласы да. Жалт еткен қас пен көздің арасында, Дүние алды-артына қарасын ба? Наурызбай Аңырақайдың шайқасында, Жас екен жиырманың шамасында…