preloader

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: “СӘТ” МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: “СӘТ” МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы жүз жылдық тарихы бар көне “Сәт” мешітінде аудандық деңгейде жасөспірім балалар арасында құран байқауы өтті.

“Сәт” мешітінің бас имамы Ыбытаев Сейтқали атамыз мұрандық болып сол мешіттің ұжымы мен жамағаты атсалысқан құран байқауына Бесмойнақ ауылы “Найманбай Арасан” мешіті, Мыңбаев ауылдық мешіті, Сарыбай би ауылдық мешіті, Еңбекшіарал “Жәми мұсылмандар” мешіті, Ақсеңгір ауылдық мешіті, Үмбетәлі Кәрібаев ауылдық “Нұрпейіс” мешіті, Ұзынағаш-1 мешіті, Ұзынағаш-2 мешіті және Жамбыл аудандық “Шынасыл” мешітінен шәкірттер қатысып құранның 30- шы парасынан және 30-шы параның жартысын жатқа оқудан бақ сынасты.
Одан өзге Құран жарысына Алматы облыстық Қапшағай мешітінің наиб имамы Сәкен Еншібай және Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы арнайы келіп қатысты. Ал, әділ қазылыққа Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, облыстық құран сокторы меңгерушісі, қари Абдухалық Абдумажитұлы, “Зуқа батыр” мешітінің имамы Рахымгелді Құдірет қари, “Рахымберген қажы” мешітінің наиб имамы Омар Махмуджанұлы және “Шынасыл” мешітінің ұстазы Тілектестік Бейбарыс қарилар шәкірттердің білімдерін сынады.
30- шы параның жартысын жатқа оқып өзара бақ сынасқан шәкірттер арасында өза шауып ерекше көзге түскен

Бас жүлде иегері – Мыңбаев ауылдық мешітінің шәкірті Мұхаммад Базарбайұлы (40 000₸)
1- орын: Майбұлақ мешітінің шәкірті Ержан Мұхаммад (30 000₸)
2- орын: Шынасыл мешітінің шәкірті Шәукер Жетес (20 000₸)
3 – орын: Сәт мешітінің шәкірті Бақыт Мұхаммед Әли (10 000₸)
3 – орын: Сәт мешітінің шәкірті Халмұрат Бектұрсын (10 000₸)
3 – орын: Найманбай Арасан мешітінің шәкірті Бекен Ерасыл (10 000₸)
3 – орын: Сәт мешітінің шәкірті Алмас Нұрдос (10 000₸)

30-шы параны толық жаттаған шәкірттердің арасынан жүлделі орынға ие болып облысқа жолдама алған жеңімпаздар:

Бас жүлде – “Сәт” мешітінің шәкірті Сабыр Омар (12 жаста) (40 000₸)
1 – орын: “Сәт” мешітінің шәкірті Супиев Мухаммад Салих (7жас) (30 000₸)
2 – орын: “Шынасыл” мешітінің шәкірті Садық Ибраһим (12 жас) (20 000₸)
3 – орын: “Сәт” мешітінің шәкірті Рахмитулла Абдулла (14 жас) (10 000₸)
3 – орын: “Сәт” мешітінің шәкірті Мамаев Самир (12жас) (10 000₸)
3 – орын: “Майбұлақ” мешітінің шәкірті Жұматай Біләл (15жас) (10 000₸)

Сонымен қатар барша сайысқа қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды. Соңынан барлық қатысушыларға ақ дастархан жайылды.