ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ
ҚМДБ Жастар секторы Алматы облысы бойынша жауапты мамандарының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданының мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан турнир өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауазбіршілікті нығайту өзара достық қарым-қатынасты күшейту мақсатында өткізілген іс-шарада Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Әбдіисламұлының ұйытқы болуымен Ұзынағаш ауылдық мешітінде (35 үй) шағын футболдан турнирге қатысты. Жарысқа аудан, ауыл мешіттері жамағатынан құралған 7 команда қатыстырылды.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, ерекше ойын көрсеткен 3 командаға арнайы ақшалай жүлде табысталды. Жарыс қортындысында «Қалмет ата» мешітінің жамағатынан құралған команда жүлделі ІІІ орынға ие болып, 20 мың теңгені иеленсе, «UZUNAGASH» мешіті жамағатынан құралған команда ІІ орынға табан тіреп, 25 мың теңге сыйақыны қажығасына байлады. Ал турнирде үздік нәтижемен «Ұзынағаш ауылдық мешіті (35 үй) жамағатынан құралған команда І орынды жеңіп алып, 30 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.
Аталмыш шараға арнайы Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы және облыстық Жастар секторы бағытының жауапты маманы Серік Мағаз келіп жеңімпаз командаларды марапаттап, дастархан басында уағыз-насихат айтты.