ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: ЖАТ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Жамбыл ауданында жат ағымның алдын алу бойынша семинар өтті.
Ислам діні түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни-саяси топтың қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады.
Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату – әрбір мұсылманның міндеті. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистері біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін жеке мүддеден бас тарта білу иманның кемелдігіне жатады.
Осы орайда, бүгін Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешіті жанындағы медреседе «Жат ағым жарға жығады» тақырыбындағы семинар өтті.
Аталмыш семинардың құрметті қонағы Нұр-Мүбарак университетінің PhD доктор Нұржан Стамбакиев дін мен дәстүрімізді дәріптеп, жат ағымдардың зиянынан қорғану үшін имамдарға пайдалы дәріс оқыды.