ЖАМБЫЛ АУДАНЫ: “ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛА” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы облысы Жамбыл ауданы “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен “Жылулық сыйла” іс-шарасы бойынша қайырымдылық шарасы өткізілді.
Игі шара барысында қысқы отын түрінен 10 тонна көмір тегін таратылды. Кезекпен көмекке мұқтаж отбасылары, көп балалалы аналар мен бір реттік жәрдем сұраған тұрғындарға үлестірілді. Ауыл тұрғындары мешіт қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.



