ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ ӨТТІ
Алматы облысы Жамбыл ауданында имамдарға арналған білім жетілдіру курсы өтті.
2025 жылғы маусым айының алғашқы аптасында ҚМДБ ның жылдық жоспарына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасымен Алматы облысы Жамбыл ауданындағы мешіт имамдарына арналған білім жетілдіру курсы өткізілді.
Аталған курс діни қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, рухани білімін жетілдіру және қазіргі қоғамда имамдардың атқаратын рөлін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Оқу бағдарламасы ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу жоспарына сәйкес жүргізілді.
Курс барысында қатысушылар Құран ілімі, фиқһ негіздері, уағыз айту әдістері, діни сұрақтарға жауап беру мәдениеті, ҚМБД концептуалдық құжаттары сынды бағыттар бойынша дәрістер тыңдады. Сонымен қатар, зайырлы қоғамда діни қызмет атқарудың ерекшеліктері, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, жастар арасында діни ағартушылық жұмыстарды жүргізу тәсілдері де кеңінен қамтылды.
Аудан имамдары мұндай курстардың дін қызметкерлері үшін аса маңызды екенін атап өтіп, алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізіліп тұруына ниет білдірді.



