preloader

Жаңалықтар

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында арнайы шара ұйымдастырылды.

Шара аясында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы, Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, дін қызметкерлері, ақсақалдар жергілікті саяси қу­ғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайда болып, сұрапыл жылдардың тарихымен танысты.

Осыдан кейін наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы бастаған көпшілік қасиетті Құран аяттарын оқып, сауабын зұлмат күндерде бақилық болған ата-бабаларымыздың рухына бағыштады.

Айта кетейік, ғалымдардың пікірінше 1937-1938 жылдары Алматы қаласында және Алматы маңындағы абақтыларда өлтірілген төрт мыңдай адамның мәйіті осы Жаңалық ауылының іргесіне үйінде ретінде көмілген.