preloader

Жаңалықтар

«ЖАҚСЫЛЫҚ» ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ ЕКІНШІ РЕТ ҚАРТТАР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

«ЖАҚСЫЛЫҚ» ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ ЕКІНШІ РЕТ ҚАРТТАР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы округы мешіттері және “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінде “Жақсылық” ерікті жастары “Алтын жүрек” қарттар үйіне барды. Облыс бойынша жастар ісі секторының меңгерушісі Құдайбергенұлы Шохан.

Мешіт имамдары “Қариялар алтын қазынамыз” екенін айтып, мешіт жамағаты үлкендердің батасын алу мақсатында сол жерде қазан көтеріп, ас дайындады. Ал ерікті жастар қолдан жасаған бұйымдарын сыйлап, өнерлерін ортаға салып, домбырамен терме, күй орындап ата-әжелердің көңіл-күйін көтеріп, қуантты. Ата апалармен жеке жеке сөйлесіп, әңгімелерін тыңдады.
Бұл іс-шара ерікті жастарымызға тәлім болып, тұлғалық қалыптасуға әсерін тигізгені сөзсіз. Әр бір келген ерікті өз сезімдерімен бөлісіп осындай жақсы істе жанашырлық танытып, тағыда жақсылық жасауға ниеттерін жеткізді.

“Қарты бар үйдің қазынасы бар” демекші, қарияларымыз аман болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бата алып, көгеретін ізетті де білімді жастарымыз көп болсын.