«ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы округы “Жақсылық Үшкемпірұлы” мешітінде “Өміріңді жақсы арнаға өзгертетін 12 қағида” тақырыбында әйел-қыздарға арналған рухани семинар өткізілді.
Жиын Алланың кәлімі “Мүлік” сүресін оқумен ашылып, мешіт ұстазы әйелдер қауымына спикерлік етті. Аят-хадистермен ашықталған рухани жиынға 90 ға тарта қыз-келіншектер, апалар-әжелер жиналды.
Ислами викториналық сұрақтар қойылып, интеллектуалды ойындар ойнатылды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді. Рухани жиынға қатысқан әр бір әйел имани орта, рухани дәріс алумен қатар керемет көңіл күйде болды. Семинар барысында қазақтың салт-дәстүрі “тұсау кесер” рәсімі өткізіліп, шашу шашылды. Ханымдар семинарды ұйымдастырған және демеушілік жасаған азаматтарға сонымен қоса мешіт имамы Құдайберген Шоқан ұстаз бен әйелдер ұстазына алғыстарын білдірді.
Дін мен дәстүр сабақтастығы болған бұл жиында үлкендер батасын беріп, орта буын жылы лебізін айтып, жас буын тәлім алып қайтты.