preloader

Жаңалықтар

“ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ” МЕШІТІНДЕ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРҒА ТРЕНИНГ ӨТТІ

“ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ” МЕШІТІНДЕ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРҒА ТРЕНИНГ ӨТТІ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінде “Қосағыңмен қоса ағар” атты ерлі-зайыптыларға арналған тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара мешіт имамы Құдайберген Шоқанның Алланың кәләмі құран аяттарын оқуымен басталды. Ақан Мергембай отбасылық эксперт өзінің арнайы дайындаған отбасылык курсымен таныстырды. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп оқушылары “Жауқазын” театры отбасылық мәні бар қойылыммен жамағатты сусындатты.
Лэд экранға смайликтермен жасырылған мақал-мәтелдер қойылып, тапқан жамағатқа сыйлықтар табысталды. Ақан Мергембай бастаған топ ерлі-зайыптыларға арналған номинацияларды ойнатты. Атап айтқанда:

1. Жұмысқа кетерде әйелін сүйіп кететін ер;
2. ⁠Төркініне күйеуін жамандамаған әйел;
3. ⁠Бала тәрбиесіне байланысты бірігіп кітап-курс оқыған ерлі-зайыптылар;
4. ⁠Бірігіп қайырымдылық жасаған ерлі-зайыптылар;
5. ⁠Тойға дейін бір-бірінің қолын ұстамаған ерлі-зайыптылар;
6. ⁠Жұбайына Құран үйреткен ер;
7. ⁠Күйеуінің атын атамайтын әйел;
8. ⁠Ата-анасымен ұзақ тұрып жатқан келін

сияқты номинациялар іріктеліп алынып, қомақты сыйлықтар табысталды. Сағынышпен жиналған 200 ден аса ерлер мен әйелдер қауымына мол дастархан жайылып, діни сұрақ-жауап қойылып, қызықты ойындар ойнатылып, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табысталды. Рухани жиынды толығымен жүргізген жүргізуші Ақан Мергембай мен Даурен ұстаз жамағаттың назарын өзіне аударып, көңілінен шықты. Арнайы сыйлықтарға демеушілік жасаған “Алатау” супермаркеті ұжымына алғыс айтып, отбасы бала-шағасына, кәсібіне береке тіледі.
Қорынды сөз сөйлеген мешіт имамы Құдайберген Шоқан іс-шараға ұйымшылдықпен атсалысқан ұстаздар мен барлық ерлер және әйелдер жамағатына алғысын білдірді.

Осындай ауқымды түрде өткізілген ерлі-зайыптылар кешіне халық дән риза болып, өз лебіздерін білдіріп, ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналар баталарын берді.