preloader

Жаңалықтар

“ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ” МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

“ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ” МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылындағы “Жақсылық Үшкемпірұлы” мешітінде “Адалдық жаршысы Мұхаммед (ﷺ)” атты мәуліт кеші ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш Алланың кәләмі – Құран аяттарымен басталып, жиналған жамағатқа Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен өнеге алып, мәуліт ұғымының мән-мағынасы түсіндірілді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнап ұстаз Абдулмәжит мәуліт оқыды.
Пайғамбарға деген сүйіспеншілікпен жиналған 250-ге жуық ерлер мен әйелдер қауымына мол дастархан жайылып, қызықты ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар мәулітке қатысты арнайы марапаттар берілді:
“Сүннеттің сардар сақшысы”
“Мәуліттің мейірім гүлі”
“Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірін терең таныған жанға”
“Салауатпен жүрегін нұрландырған жан”
“Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімін құрметтеген отбасы”
“Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұл-қыздарының есімін ұрпағына сыйлаған жан”
“Жүректерді тебіренткен дауыс”
“Мәуліттің шырақшысы”
Әр қатысушыға құнды сыйлықтар табысталды.
Қорытынды сөзді мешіт имамы Шоқан ұстаз сөйлеп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйымшылдықпен атсалысқан Бақытұлы Мирас мырзаға және барлық ұстаздар мен ерлер және әйелдер жамағатына алғыс білдірді.