“ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРҰЛЫ” МЕШІТІНДЕ ШӘКІРТТЕР ҚҰРАН ОҚУДЫ МЕҢГЕРІП ШЫҚТЫ
“Жақсылық Үшкемпірұлы” мешітінде Құранға түскен шәкірттерге ТӘЖ кигізу рәсімі ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Шоқан Құдайбергенұлы құттықтау сөз сөйлеп, шәкірттерді мерекелік марапаттау кешімен құттықтады. Құран оқуға ынталанып, жетістікке жеткен шәкірттерге алғысын жеткізді. Кеш барысында Құран оқылып, сахналық қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ домбыра тартылып, ана жайында өлең оқылды. Кеш соңында Құранға түскен 40 шәкіртке тәж кигізіліп, ата-аналарына алғыс айтылды. Іс-шараға анайы келген ақ жаулықты әжелер қауымы жастарға бата берді.



