preloader

Жаңалықтар

“ЖАҚСЫЛЫҚ” ЖАСТАР ТОБЫ “ЖАНҰЯ” БАЛАЛАР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

“ЖАҚСЫЛЫҚ” ЖАСТАР ТОБЫ “ЖАНҰЯ” БАЛАЛАР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

“Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінде құрылған “Жақсылық” ерікті жастар тобы “Жанұя” балалар үйіне барып балаларды қуантты.

Мешіт имамы Шохан Құдайбергенұлы бастаған топпен жүзге жуық балаларға және тәрбиешілерге жылы аяқ киім сыйлап, насихат айтып, баталарын алды.
Ұйым жетекшісі ұстаз Севара Сабуровамен ұйымдастырылған іс-шарада балаларға көңілді ойындар ойнатылып, домбыра тартып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Белсенді балаларға сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ “Жанұя” балалар үйінің өнерлі жеткіншектерінің қойылымдарын тамашалап оларға ерекше сый сияпат жасалды.
Бұл ерікті топпен “Алтын ұя” қарттар үйінен кейінгі қасиетті ережеп айында жасылынған екінші шара.
Жалындаған жастар осындай жақсы істер жасау арқылы елімізді көркейтуге атсалысып, кіші қадамдармен ұлы мақсаттарға жол саламыз және мейірімділік пен ізгілікті қатар ұстаймыз деген ұранмен алға мақсаттар қойғанын жеткізді.