ЖАС САРБАЗДАРҒА “ОТАНДЫ СҮЮ ИМАННАН” ТАҚЫРЫБЫНДА НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
“Ислам және отбасы құндылығы” жылының аясында “Жастар ісі-секторы” жұмыс жоспарына сәйкес насихат шарасы өткізілді.
Райымбек аудандық“Әбдіғали Жетенұлы” мешітінің имамы Қостөбе шекара бекетінің сарбаздарымен “Отанды сүю иманнан” тақырыбында насихат жүргізді. Ауданның наиб имамы Әлғожа Көпірәлі жас сарбаздарға тақырыпқа сай түсінік бере отырып, отан сүйгіштік қасиеті үлкен сауапты іс екенін жеткізді. Қостөбе шекара бекетінің басшылығы имамға алғыстарын білдірді.



