preloader

Жаңалықтар

Жиделі ауылында «Зайырлы ел – қайырлы қоғам» атты кездесу өтті

Жиделі ауылында «Зайырлы ел – қайырлы қоғам» атты кездесу өтті

Балқаш ауданы, Жиделі ауылдық мешітінің имамы Ардақ Саримбетов Жиделі ауылдық орта мектебінің мұғалімдерімен «Зайырлы ел – қайырлы қоғам» тақырыбында кездесу өткізді.
Шара барысында имам ұстаздарға қоғамдағы діни тұрақтылықтың маңызын түсіндіріп, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жоққа шығаратын жат ағымдардың зияны туралы айтты. Сондай-ақ мұндай ағымдардан сақтанудың тиімді тәсілдері мен діни сауаттылықтың қоғамдағы рөлін атап өтті.
Кездесу өзара сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар пайдалы ақпарат пен рухани тағылым алды.