“ЖОМАРТ ЖҰМА” – ИГІЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен өңірде «Жомарт жұма» жобасы кеңінен жүзеге асуда. Жақсылық пен жанашырлыққа негізделген осы игі бастама Балқаш ауданында да өз жалғасын тапты.
Аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешітінің бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы Турежановтың ұйымдастыруымен және қайырымды кәсіпкердің қолдауымен жұма күні 100 нан тегін таратылып, жамағат пен мұқтаж жандарға үлестірілді.
Шараға атсалысқан дін қызметкерлері демеушіге шынайы алғыс білдіріп, жақсылық жасаған жанға Алла разы болсын деп ақ тілегін арнады.



