preloader

Жаңалықтар

«Жомарт жұма» қайырымдылық шарасы: 25 отбасыға көмек көрсетілді

«Жомарт жұма» қайырымдылық шарасы: 25 отбасыға көмек көрсетілді

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Жомарт жұма» жобасының кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасы аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 25 көпбалалы отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!