Бас имам Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасарымен кездесті
Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Ұйғыр ауданында болды.
Сапар барысында облыс бас имамы аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі мен әлеуметтік жағдайы, діни ахуал және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Аудан әкімінің орынбасары өз тарапынан қолдау көрсететінін жеткізді.