МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ СҮННЕТКЕ САЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН СПАРТАКИАДА
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дәстүр және отбасы» бағытының жылдық жоспарына сәйкес Алматы облысының Талғар ауданында мешіт жамағаттары арасында ұлттық және сүннетке сай спорт түрлерінен спартакиада өтті.
Ауданға қарасты 15 ауылдың жамағаты қатысқан додада арқан тарту, қой көтеру, гір тасын көтеру және шағын футболдан жеңімпаздар анықталды. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спортты дәріптеу және мешіт жамағаттары арасындағы ауызбіршілікті нығайту.
Арқан тарту сайысы
* І орын – «Қызыл-Қайрат» мешітінің жамағаты
* ІІ орын – Кеңдала мешітінің жамағаты
* ІІІ орын – «Рақымберген қажы» мешітінің жамағаты
Қой көтеру сайысы
* І орын – Нұра жамағаты (530 рет)
* ІІ орын – «Алаш Арыстары» мешітінің жамағаты (500 рет)
* ІІІ орын – Кеңдала жамағаты (233 рет)
Гір тасын көтеру сайысы
* І орын – «Қызыл-Қайрат» мешітінің жамағаты (70 рет)
* ІІ орын – «Нұржау» мешітінің жамағаты (56 рет)
* ІІІ орын – «Рақымберген қажы» мешітінің жамағаты (52 рет)
Шағын футбол
* І орын – «Достық» мешітінің жамағаты (70 000 теңге)
* ІІ орын – «Береке» мешітінің жамағаты (50 000 теңге)
* ІІІ орын – «Зәм-Зәм» мешітінің жамағаты (30 000 теңге)
Спартакиада қорытындысында жүлделі орын иеленген жамағаттарға мадақтамалар табысталды. Шағын футболдан үздік шыққан командаларға ақшалай сыйлықтар берілді. Қой көтеру мен гір тасын көтеруден үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға медаль тағылып, қазақы шапан жабылды.


