Рамазан айында білу керек әдептер
Ораза – мұсылман баласының нәпсісін тәрбиелеп, рухын тазартып, тақуалыққа жетелейтін ғибадат. Алайда, оразаның мәні тек ішіп-жеуден тыйылумен шектелмейді. Егер адам ораза ұстап жүріп, күнәлі істерден, жаман мінез-құлықтан сақтанбаса, оның оразасы толық сауапқа кенелмеуі мүмкін. Сондықтан Рамазан айында жасалуы ұнамсыз, сауапты кемітетінамалдарды білу және олардан аулақ болу аса маңызды. Себебі, бұл жайлыАлла Тағала Құранда: «Ораза сендерге парыз етілді. Бәлкім, тақуа боларсыңдар» («Бақара» сүресі, 183-аят) – деп, оразаның мақсатын нақты көрсеткен.
Әдеп– кез – келген істің жүйелі, көркем түрде атқарылуына себеп. Яғни, әр істің басында әдеп тұрғанда ғана ол кемеліне жетеді. Демек, құлшылықты да кемел атқару үшін іс– әрекетіміз әдеппен астасқаны дұрыс. әдеп– ибаның иманды әсемдейтіні жайлы Ақмола Мұхамедиярұлы:
Бесінші қымбат нәрсе – әдеп деген,
Әдеп деген махаббатқа себеп деген.
Күпірлік әдептіде тұрмағандай,
Әдепсізде иман тұру ғажап деген-деп бізге насихат етсек керек. Ендеше, қасиетті айда қандай әрекеттерден өзімізді алшақ ұстап, әдеп сақтаудың маңыздылығын атап өтейік.
(Бұхари) – деген.
2. Ораза кезінде ашуға беріліп, біреумен керісу, ауыр сөз айту да дінімізде құпталмайды. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ораза – қалқан. Егер біреу сенің оразаңды бұзуға тырысса, “мен оразамын” де», (Бұхари, Мүслім) – деп ескерткен. Яғни, халық даналығындағы «Ашумен айтылған сөз – ақылдың жауы» дегеніндей, ашуыңды тізгіндеуге әлі келмеген ораза, сізді мәңгілік бақыт жәннатқа жетелеуі не ғайбыл?!
3. Ораза тек асқазанның емес, барлық мүшенің оразасы болуы тиіс. Арсыз көріністерді көру, харам сөз тыңдау – оразада сақтану қажет істердің бірі. Жаратушы Иеміз: «Мүміндерге айт: көздерін төмен салсын және ар-намыстарын қорғасын» («Нұр» сүресі, 30-аят), – дейді.Бабаларымыздың да «Көз – көңілдің айнасы» деген сөзі осыған дәлел.
Рамазанда көз бен құлақты харамнан сақтау – рухани тазалықтың шарты.
4. Кейбір адамдар ораза ұстауды сылтау етіп, намазды кешіктіреді немесе тастап кетеді, Құран оқуға, дұға жасауға немқұрайлы қарайды. Бұл да оразада ұнамсыз амалдарға жатады.
5. Ауыз ашарда шектен тыс тамақтану, ысырап жасау – Рамазан рухына қайшы әрекет. Бұл нәпсіні тәрбиелеудің орнына, оны еркін жіберу болып табылады. Алла Тағала: «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер»(«Ағраф» сүресі, 31-аят) – деп ескертеді.Сондай–ақ, жадымыздан үнемі шығармау керек жайт, Рамазан айында ішкен–жегенімізді жария қылып, әлеуметтік желілерге жариялаумен қатар, өзгелердің көз хақысына қалубар.
Әрине, әркімнің не ішіп, не жеп жатқандығына таласымыз жоқ, бірақ сол тамақты жей алмай отырған немесе жеуге шамасы келмейтін жандардың бар екендігін ұмытпауымыз керек. Ораза тұтқандардың барлығы дерлік сіз бен біз секілді астатөк дастархан басында шалқып, ауыз ашып жатпағандығын білуіміз қажет. «Жаман – жегенін айтады» демекші, ең болмаса қасиетті айда аузы берік жандарға деген құрмет болсын деп, осы бір әдепке жатпайтын істі жасамағанымыз дұрыс деп ойлаймын.
6. Ниеттің бұзылуы, рия мен мақтан мақсатында, оразаны көрсету үшін ұстау, өзін өзгелерден жоғары санау – өте қауіпті рухани дерт. Мұндай амалдар жақсылықты лезде жоятын жалын секілді. Хадисте келгендей «Рия – жасырын ширк» екенін ескерсек, қаншама қиындықпен тұтқан оразаңыз өзіңізге күнә арқалататын қарсы құралға айналуы бек мүмкін. Сол үшін де Рамазан айы кірместен ізденіп, оның мән – маңызы мен бізге беретін қайталанбас мүмкіндік екендігін сезініп, біліп алған жөн. Білімсіз ғибадат-құр атқарылған іс болып қала береді.
Қорыта айтқанда, оразада жасалуы ұнамсыз амалдардан сақтану – оразаның қабыл болуының маңызды шарттарының бірі. Тіл, көз, мінез, ниет тазалығы сақталмаса, ораза тек аш жүрумен пара– пар. Рамазан айын шынайы рухани тәрбиенің мектебі ету – әрбір мұсылманның басты мақсаты болуы тиіс.
Алла тағала барша ғибадат–құлшылықтарымызды қабыл етіп, Өзі разы болған құлдарының қатарынан еткей!
Алматы облысы Қарасай ауданы “Құртқа” мешітінің имамы
Жақсымбет Нұрислам Қыдыралыұлы


