Рамазан – рухтың айы
Рамазан – мұсылман қауымы үшін ең қасиетті, ең қастерлі ай. Бұл ай тек ашжүру немесе таңнан кешке дейін ішіп-жеуден тыйылу емес. Рамазан – рухтыңтәрбиелену айы, жүректің тазару айы, пенденің Раббысына жақындау айы. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Сендерге ораза парызетілді, бұрынғыларға парыз етілгендей. Бәлкім, тақуалыққа жетерсіңдер» («Бақара» сүресі, 183-аят) деп баяндайды. Демек, оразаның басты мақсаты – тақуалыққа жету, яғни Алланы әр сәтте сезіну, күнәдан сақтану, жүректітазарту.
Ораза – нәпсіні тәрбиелеу мектебі Адам баласының бойында нәпсі бар. Нәпсі адамды ішіп-жеуге, ләззатқа, ашуға, жалқаулыққа итермелеуі мүмкін. Рамазан айында адам осы нәпсісінтәрбиелеуді үйренеді. Аштық пен шөл арқылы сабырды меңгереді. Сабыр – иманның жартысы. Бір ай бойы өзін бақылаған адам рухани тұрғыдашыңдалып шығады. Ораза тек ас-суға ғана емес, жаман сөзден, ғайбаттан, өтіріктен, орынсызкүлкі мен бос әңгімеден де тыйылу екенін ұмытпауымыз керек. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Кімде-кім жалған сөз бен жаман әрекетті тастамаса, оның ішіп-жеуден тыйылғанына Алланың мұқтаждығы жоқ» деген. Яғнишынайы ораза – бүкіл болмыспен ұсталған ораза.
Рамазан – Құран айы Бұл ай – Құран түскен ай. Сондықтан Рамазанда Құран оқудың, тыңдаудың, түсінуге тырысудың сауабы ерекше. Көпшілік мешіттерде тарауық намазы оқылып, Құран хатым етіледі. Бұл – мұсылман жүрегін нұрландыратын, иманын күшейтетін ерекше рухани атмосфера.
Құран – жүректің шипасы. Рамазан айында Құранмен жақын болған жан жылбойы рухани азық алады.
Садақа мен мейірім айы Рамазан – жомарттық айы. Аштықты сезінген адам жоқ-жітікке жанашырбола түседі. Пітір садақа беру, ауызашар жасау, мұқтаждарға көмек көрсету– осы айдың көркем амалдары. Пайғамбарымыз (с.а.с) Рамазанда ерекше жомарт болатын. Бұл айда жасалғанәрбір ізгі іс еселенген сауапқа жазылады. Сондықтан бұл – қайырымдылыққаасығатын мүмкіндік айы.
Рамазан – кешірім мен тазару айы Бұл айда Жаратушының рақымы кеңінен төгіледі. Қадір түні – мың айданқайырлы түн. Сол түні жасалған құлшылық, жасалған дұға ерекше қабылболады. Рамазан – өткен күнәларға тәубе етіп, жаңа парақ ашатын мүмкіндік.
Рухтың айы дегеніміз – жүрекке үңілу, өз-өзіңе есеп беру, кемшілікті түзеу. Бір ай бойы жасалған құлшылық адамды өзгертпесе, онда ол тек аштықболып қалуы мүмкін. Ал шынайы Рамазан – мінезді көркемдейтін, жүректіжұмсартатын, иманды күшейтетін ай.
Қасиетті айда ұстаған оразамызды, жасап жатқан ғибадаттарымызды Алла қабыл етсін!
Райымбек ауданы
Сүмбе ауылы “Ниязбек қажы ” мешітінің имамы
Сәрсембиев Қуат Қабылұлы


