Құрбан шалу және оның маңызы
Құрбан шалу – асыл дініміздегі ең маңызды құлшылықтардың қатарынан. Бұл амал арқылы мұсылман баласы Жаратушыға деген мойынсұнуын, тақуалығын және шүкіршілігін білдіреді. Құрбан айт мерекесінде шалынатынқұрбандық қоғамдағы бауырмалдықты, жанашырлықты және ынтымақтыкүшейтеді. Сонымен қатар, мұқтаж жандарға көмек көрсетілумен әлеуметтіктеңдікке де ықпал етеді.
«Құрбан» сөзі араб тіліндегі «қурб» түбірінен шыққан. Оның мағынасы«жақындау», «жуық болу» дегенді білдіреді. Яғни, мұсылман адам құрбаншалу арқылы Алла Тағалаға жақындауға, Оның разылығына жетугеұмтылады.
Құрбан шалудың тарихы Ибраһим пайғамбар мен оның ұлы Ысмайылпайғамбардың оқиғасымен байланысты. Ислам деректерінде Ибраһимпайғамбар түсінде Алла Тағаланың өз ұлын құрбандыққа шалудыбұйырғанын көреді. Пайғамбар бұл бұйрықты орындауға бел буады. ҰлыЫсмайыл да әкесінің Алланың әмірін орындауына қарсы болмай, сабырлықтанытады.
Әкесі ұлын құрбан шалмақ болған сәтте, Алла Тағала олардың шынайыиманын, мойынсұнуын қабыл етіп, көктен қошқар түсіреді. ОсылайшаЫсмайылдың орнына қошқар құрбан етіледі. Содан бері мұсылмандар Құрбанайт күндері мал шалып, осы ұлы құлшылықты жалғастырып келеді Аталған құрбандық оқиғасы мұсылмандар үшін Аллаға толық мойынсұнудың, сабырмен ықыластың үлгісі болып, ғибраты мен мәні ғасырлардан ғасырларға құндылығы артып жетуде.
Осы құрбандыққа қатысты тағы бір маңызды дүние– Құрбан айтмерекесі. Құрбан айт һижри жыл санауы бойынша Зүл-хижжа айының 10-күні басталып, үш күнге жалғасады. Бұл күндері шамасы жеткенмұсылмандар құрбан шалып, оның етін туған-туысқа, көршілерге жәнемұқтаж адамдарға таратады.
Құрбан шалудың адам өмірінде рухани және әлеуметтік маңызы зор.Біріншіден, бұл – Аллаға жақындаудың белгісі. Мұсылман адам өзіне берілгенмал-мүлік пен нығметтің барлығы Алладан екенін түсінеді. Құрбандық шалу арқылы Жаратушыға шүкіршілік білдіреді.
Екіншіден, құрбан шалу адамды жомарттыққа тәрбиелейді. Құрбандықеті мұқтаж жандарға таратылғандықтан, адамдар арасында мейірімділік пен бауырмалдық артады.
Үшіншіден, бұл мереке мұсылмандардың бірлігін күшейтеді. Құрбан айткүндері адамдар бір-бірін құттықтап, туыстық қарым-қатынасты нығайтады.
Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Олардың (құрбандық малдарының) еттері де, қандары да Аллаға жетпейді. Бірақ Оған сендердіңтақуалықтарың (ықыластарың) жетеді…»,- деп құрбандықтың қанынемесе еті емес, пенденің тақуалығы маңызды екенін баяндайды. Сондықтан құрбан шалудағы басты мақсат – ықылас пен шынайылық.
Ислам дінінде құрбан шалу әр мұсылманға міндет бола бермейді. Олбелгілі шарттарға сай келетін адамдарға ғана уәжіп болады. Құрбан шалу мынадай адамдарға міндет:
Нисап мөлшері дегеніміз – адамның негізгі қажеттерінен тыс белгілікөлемде байлығының болуы. Егер адамның тұрмысына жеткіліктіқаражатынан бөлек малы немесе ақшасы болса, оған құрбан шалу міндеттеледі.
Исламда құрбандыққа тек кейбір үй жануарлары ғана жарамды. Олар:қой, ешкі, сиыр, түйе.
Қой мен ешкі кемінде бір жасқа толуы керек. Алты айлық семіз тоқтыбір жасар қой секілді көрінсе, оны да шалуға болады. Сиыр екі жасқа, түйебес жасқа толған болуы тиіс.
Дінімізде құрбандыққа шалынатын мал сау әрі кемшіліксіз болуықажеттігіне баса назар аударылады. Төменде аталғандай дене мүшесінде кемістігі болған малдар құрбандық шалуға жарамайды: бір көзі соқыр, ақсақ, өте арық, құлағы немесе құйрығының көп бөлігі кесілген,тісі түгелге жуықтүсіп қалған және ауру мал. Себебі, Аллаға ұсынылатын құрбандық таза әрілайықты болуы керек.
«Бір малды неше адам бірігіп шала алады?» Қой мен ешкі бір адаматынан ғана шалынады. Ал сиыр мен түйені жеті адамға дейін бірігіп шалуғаболады. Бірақ олардың барлығының ниеті құрбандық немесе сауапты ісболуы қажет. Егер бір адамның ниеті дұрыс болмаса, ортақ құрбандықтыңсауабы кемиді деп түсіндіріледі.
Құрбан шалу міндеті кімдерден түседі?Кей жағдайларда адамғақұрбан шалу міндет болмайды. Мысалы:
Құрбандық етін үш бөлікке бөлу – мұстахап амал:
Бұл дегеніміз қоғамдағы өзара көмекті арттырып, адамдар арасындағысүйіспеншілікті күшейтеді.
Қорыта айтар болсақ, Құрбан шалу – исламдағы үлкен ғибадаттардыңбірі. Оның түпкі мәні – Аллаға жақындау, тақуалық таныту және мұқтажжандарға көмек беру. Бұдан бөлек, құрбан шалуға берілетін сауаптар жайлы Ардақты Алла Елшісіﷺ былай деген: «Құрбан айт күні адам баласы қанағызудан (құрбан шалудан) сүйіктірек амал арқылы Аллаға жақындайалмайды. Қиямет күні құрбандық малы мүйізімен, тұяғымен жәнежүндерімен келеді. Оның қаны жерге түспей тұрып, Алланың құзырындақабыл болады. Сондықтан құрбандыққа разы көңілмен жақындаңдар».(Тирмизи)
Бірде сахабалар:
–«Бізге одан қандай сауап бар?» — деді.Сонда Ол ﷺ:
Құрбан айт мұсылмандар арасындағы бірлікті нығайтып, қоғамдақайырымдылықтың артуына себеп болады.
Сондықтан құрбан шалу – тек дәстүр ғана емес, терең рухани мағынасыбар қасиетті құлшылық деп айтсақ артық атқандық емес!
Алла Тағала шалған құрбандықтарымызды қабыл етіп, барлық қате-кемшіліктерімізді кешірсін!
Алматы облысы Қарасай ауданы «Құртқа» мешітінің имамы
Жақсымбет Нұрислам Қыдыралыұлы

