ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА «ӘЖЕМНІҢ НАСИХАТЫ» КІТАБЫ БОЙЫНША БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ
Алматы облысы Ұйғыр аудандық орталық мешітінде әйел жамағаты арасында «Әжемнің насихаты» кітабы бойынша білім сайысы ұйымдастырылды.
Рухани-танымдық шараға аудан мешіттерінен 11 әйел қатысып, кітап мазмұны негізінде білімдерін сынады. Жиынның ашылуында Ұйғыр ауданының бас имамы Алмат Әбдімүтәліпұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, діни білім мен ұлттық тәрбиенің маңызына тоқталды. Сайыс барысында қатысушылар кітап мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал ауданның ардақты әжелері қазылық жасап, үміткерлердің білімін бағалады.
Нәтижесінде І орынды Исатаева Әйкерім Анарбекқызы иеленіп, 30 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. ІІ орын алған Турсынова Гүлминам Мұхратжанқызына 20 000 теңге, ал ІІІ орын иегері Джалова Аида Майданқызына 15 000 теңге табысталды.
Жүлдегерлерді ауданның бас имамы Алмат Әбдімүтәліпұлы ардақты әжелермен бірге марапаттады.
Тағылымды шарада дін мен дәстүр сабақтастығы, әже өнегесінің ұрпақ тәрбиесіндегі орны сөз болып, діни білімді жетілдіру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше мән берілді.


