БАС ИМАМ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы сапармен Қарасай аудандық «Түркістан-1» мешітіне арнайы барып, жамағатпен жүздесті.
Жұма намазында жамағатқа «Ұстаз – білім бұлағы» тақырыбында уағыз айтып, білімнің қадірі, ұстазды құрметтеу және ілімнің адам өміріндегі маңызы жайында тағылымды ойларымен бөлісті.
Жұма уағызынан кейін елдің амандығы, жұрттың берекесі мен бірлігі, жастардың иманды әрі білімді болып қалыптасуы үшін дұға жасалды.
Алла Тағала баршамызға пайдалы білім алып, алған ілімімізді амалға асырып, ұстаздарды құрметтеуді нәсіп етсін!


