preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАН КУРСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАН КУРСЫ ЖАЛҒАСУДА

Алматы облысы, Талғар ауданында дін қызметкерлерінің Құран ілімін жетілдіруге бағытталған «Құран курсы» жүйелі түрде жалғасуда.

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің оқу-ағарту бағыты бойынша бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес имамдардың білімін үздіксіз жетілдіру және біліктілігін арттыру бағытында тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Қазан айындағы кезекті сабаққа қатысқан 15 имам мен ұстаз Құран Кәрімнің сүрелерін жатқа оқып, белгіленген тапсырмаларын тапсырды. Сабақ барысында олардың Құран оқу деңгейі сараланып, тәжуид ережелерін сақтауына назар аударылды. Анықталған қателер мен кемшіліктер бойынша жеке жұмыстар жүргізіліп, ұстаздар тарапынан тиісті ұсыныстар берілді.

Курс аясында дін қызметкерлерінің Құранды дұрыс әрі мәнерлеп оқу, сүрелерді жүйелі түрде жаттау және тәжуид талаптарын меңгеру дағдыларын жетілдіруге басымдық берілуде.

Айта кетейік, Талғар ауданындағы «Құран курсы» сабақтары бекітілген оқу жоспарына сәйкес жалғасын табады.