preloader

Жаңалықтар

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ұстаздар күніне орай Алматы облысының мешіттерінде қызмет атқарып жүрген ұстаздардың басын қосқан «Ұстаз – ұлы есім» атты тағылымды кездесу өтті. Мерекелік басқосуға облыстың әр ауданында діни-ағартушылық бағытта еңбек етіп, шәкірт тәрбиесіне үлес қосып жүрген мешіт ұстаздары қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – ұстаздардың еңбегіне құрмет көрсету, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және дін мен білім жолындағы қызметтеріне қолдау білдіру.

Жиын барысында ұстаздық қызметтің жауапкершілігі мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы сөз болып, қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында түрлі танымдық әрі қызықты шаралар ұйымдастырылып, ұстаздар жеребе арқылы бір-біріне сыйлықтар табыстады.

Облыстың әр өңірінен жиналған ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби және рухани байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды.

Ұстаздар күні құтты болсын! Ұстаздардың білім мен тәрбие жолындағы еңбегі жемісті болып, тәрбиелеген шәкірттерінің жетістігі мерейлерін үстем ете берсін!